«Креативті индустрияға мемлекеттік қолдау көрсету мен оны ынталандыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 693-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2026 жылғы 21 сәуірдегі № 199-НҚ бұйрығы

«Креативті индустрияға мемлекеттік қолдау көрсету мен оны ынталандыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 693-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2026 жылғы 21 сәуірдегі № 199-НҚ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Креативті индустрияға мемлекеттік қолдау көрсету мен оны ынталандыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 693-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37732 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

аталған бұйрықпен бекітілген Креативті индустрияға мемлекеттік қолдау көрсету мен оны ынталандыру қағидаларында:

2-тармақта:

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) креативті индустриялар субъектісі - креативті қызметке қатысатын, креативті қызмет нәтижелерін жасауды, шығаруды, қайта жаңғыртуды, жаппай таратуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;»;

мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

«5-1) креативті индустриялар субъектілерінің тізілімі - креативті индустриялар саласында мемлекеттік қолдау шараларын тиімді көрсету мақсатында уәкілетті орган әкімшілендіретін креативті индустриялар субъектілерін тіркеуге және есепке алуға арналған онлайн-платформа;»;

1-тармақтың сегізінші -, оныншы абзацтары 2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі

5-тармақта:

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) цифрлық қолдау - онлайн-платформалар, маркетплейстер, цифрлық технологиялар;»;

9-тармақта:

3) тармақша мынадай редакция жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.